ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ЗИЯРАТ ЕТУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

20:30, 25 қазан 2018

Бүгін өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен кезекті жиында облыстағы зиярат ететін орындардың жағдайы талқыланды. Ол бірінші кезекте халық көп баратын Тараз маңындағы тәу ету орталықтарына қатысты.Бүгінгі таңда Жамбыл облысының аумағында барлығы 46- зиярат ететін орын бар. Олардың 11-і туристік бағытта болып саналады. Әсіресе, жол бойында орналасқан Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан мен Тектұрмас кесенелеріне келушілер қатары жыл санап артып келеді. Осыған орай, үстіміздегі жылдың шілде айында облыс басшысы Асқар Мырзахметов туризм басқармасына нақты тапсырма берген болатын. Оған сәйкес, тарихи-діни орындардың айналасын абаттандыру, онда арнайы шағын дүкендер ашу, жол сілтейтін ақпараттық белгілер орнату мен зиярат ету орындарының инфрақұрылымдық мәселесін шешу. Бүгінгі басқосуда осы жұмыстарға жауапты басқарманың басшысы Қарлығаш Аралбекова баяндама жасап, осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына тоқталды. Алайда, тапсырма берілгелі төрт ай өтсе де, бұл бағыттағы жұмыстар көңіл көншітпейді деді аймақ басшысы. Себебі, әлі де шешімін күткен мәселе көп. Зиярат ету орындарын тиімді пайдаланып, онда келетін халыққа пайдалы ақпарат тарату үшін қандай жұмыс атқару керек екендігін облыс басшысының өзі түсіндіріп берді. Бұл мәселе бір айдың ішінде тағы да қаралады.

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...