Зияткерлік меншікті қорғау күшейтілмек

22:30, 13 наурыз 2017   285

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің озық тәжірибесін біздің өңірде де енгізуге мүдделі. Ол зияткерлік меншікті қорғау ісін үдету. Бұл – еліміздің мәдени-экономикалық дамуының бірден-бір бастауы болмақ. Осы мәселелер бүгін Нұр Отан партиясы облыстық филиалында «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссияның отырысында қаралды.

Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарының әділет департаменті өкілдері шақырылған кеңесте мемлекеттік сатып алу, авторлық құқық, азаматтық кодекс, кәсіпкерлер құқығын қорғау сынды заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды. Сала мамандары мен кәсіпкерлер тарапынан жолданған ұсыныс-пікірлер биылғы жылдың 30 наурызында Елордада өтетін «Нұр Отан» партиясының мәжілісіне жеткізілмек. Зияткерлік меншік қорғалуы жөнінен Қазақстан дүниежүзілік аренада 35-ші орынға көтерілді. Бұл атқарылған ауқымды жұмыстың жемісі. Дегенмен де, кәсіпкерлер  жиын барысында түйінді түйіткілдер бар екендігін сөз қылды. Әсіресе, тауарды патенттеу, заңсыздыққа жол беру, авторлық құқық мәселесінде әлсіздік байқалады. Мұны жауапты мекеме мамандары кәсіпкерлердің ақпараттан бейхабар екендігіне сілтеді. Алдағы уақытта қолға алынған бастамалар жүйелі жүзеге асса, онда бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілер алынып тасталады. Бұл туралы Елбасы Жолдауының «экономиканы модернизациялау» бағытында нақтыланған.

Жайықбай Шалдаров, Жамбыл облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары

Ұсынлып отырған заң жобасы 12 заңға және 121 бапқа қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасының негізгі жаңалықтары зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша, өкіліттіктерді сараптама ұйымына беру арқылы, зияткерлік меншікке тіркеуге қатысты даулар, сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін кеңейту, құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету.

 

Гауһар Рысбай «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40