«Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарына облыстық іріктеу

20:18, 9 тамыз 2017

Бұқаралық спортты дамыту оның ішінде ауыл азаматтарының дене шынықтыруға деген ықыласын ынталандыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде республикалық деңгейде  «Ақ бидай» спорттық жарысы ұйымдастырылады. Дәл қазіргі уақытта «Тараз-Арена» кешенінде аталған  турнирге Жамбыл облысы бойынша іріктеу кезеңі өтуде.

«Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорты ойындарына Жамбыл облысы бойынша іріктеу кезеңіне аймақтың 10 ауданынан 600-ге жуық азамат  қатысуда. Жас спортшылар спорттың тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, қол күресі мен гір спорты және жазғы президенттік көпсайыс, шағын футбол, валейбол сынды кезеңдерге бөлініп, өзара бақ сынасуда.

Назарбек Ізімбетов - Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы

Жарыс үш кезеңнен тұрады. Алғашында үміткерлер маусым айында ауылдық турнирлерде таңдалынды, одан оза шыққандар шілдеде аудандық байқауға қатысты. Сол аудандық іріктеу кезеңінде үздік шыққандар бүгін міне облыстық жарысқа қатысуда.

Іріктеу кезеңінде жас спортшылар бақ сыныса отырып, көпшілікке салматты өмір салтын насихаттауда. Бұл байқауда ең бастысы аудан спортшылары бір-бірімен танысып,  өзара берік достық қатынас орнатуда. Әсіресе, спорттық доданың асық ату  кезеңі бойынша жарыс   қыза түсіп, жастар ұлттық ойынның көркін қыздыра түскен. Ал, алаңда кіші футболдан жарысқа қатысушылар мен  олардың үміткерлері де ерекше белсенділік танытуда.

Іңкәр Құрманова - жарысқа қатысушы

Жуалы ауданынан келдік. Ойын қызықты өтуде. Барша командаларға сәттілік тілеймін. Өзімізде үздік шығамыз деген сенімдеміз.

Бүгінгі жарыс нәтижесінде  Жамбыл облысынан республикалық ойындарға қатысатын командалар анықталады. Ал «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарының мәресі қыркүйек айының 11 мен 16 аралығында Ақтөбе қаласында қорытындыланатын болады.

Мархаббат КөпбосыноваРинал Рахматуллин,  Ғалымжан Есенбаев  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» Әлем кубогын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді
15:09, 13 желтоқсан 2017
Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» Әлем кубогын «Qazaqstan» жә...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар