ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

АҚЫНДАРДЫҢ АЛА ДОП АЛАМАНЫ

18:54, 8 ақпан 2019

Ақынға парыз көп ойлау, артық та емес доп ойнау.  Тараз төрінде  айтыскерлердің  ала доп аламаны өтті.   Сахнада ғана емес, спорт алаңында да ақындар тартысты өрнек көрсете білді.  Дәстүрге айналып келе жатқан ақындар додасы туралы  Данияр Асқарұлы жалғастырады.

Ойыннан бұрын Руханият орталығында шағын кеңес өтті. Ауқымы кеңейген іс шараны  саралаған қатысушылар баспасөз конференциясын өткізді. Сосын жеребе тасталып, ақындар спорт алаңына жол тартты.

Мұхтар НИЯЗОВ          АЙТЫСКЕР АҚЫН

Жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Түркістан, Шымкент, Алматы, Қызылорда және өзіміздің өңірден бақтарын сынаушы ақындар, ала доптың да қас шеберлері екенін байқатты. 

Ахметжан ӨЗБЕКОВ    Қ.Р МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Жақын арада аймақта жыр алыбы Жамбылдың туған күніне орай Республикалық ақындар айтысы өтпек. Бүгінгі өткен футбол ойыны топ бәйгенің бастауы болып отыр.

Рүстем ҚАЙЫРТАЙ     АЙТЫСКЕР АҚЫН

Ақындардың ала доп аламаны тартысқа толы болды. Жартылай финалдағы қос кездесу де пенальтиге ұласты. Қызылордалықтарға жол берген  Әулиеаталық ақындар 3 орын үшін ойында Алматылықтарды 3-2 есебімен жеңді.  Ал, Қызылордалықтар 2 орын алса,  Түркістандық ақындар алтыннан алқа тақты.

А.ЕРМЕКҰЛЫ,  А.ӘДІЛ                   «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАУДА
18:52, 22 сәуір 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАУДА
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ 6-ШЫ  ТУРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
16:31, 22 сәуір 2019
ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ 6-ШЫ ТУРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
21:22, 18 сәуір 2019
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
Толығырақ...