ШҰҒЫЛ! АЙМАҚ ТЫНЫСЫ - ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА Толығырақ

АМЕРИКАДАҒЫ БОКС КЕШІ

15:29, 10 маусым 2019

Америка төрінде қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен үлкен бокс мерекесі өтті.

Геннадий Головкин мен  Стив Роллс жекпе жегінің андер-картында бірқатар отандастарымыз шаршы алаңға шығып, жанкүйерлерін қуантты. Ал, бұл кештің негізгі шайқасы 19 жекпе жекте 1 рет жеңілмеген Роллс пен даңқты Головкиннің арасында өткен еді.

Геннадий Головкин мен Стивен Роллс арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі бокс кешінің басты оқиғасы еді.  GGG-мен күрес, әрине, Стив Роллс үшін жұлдызды сағат болуы мүмкін, — бірақ тек теориялық ғана. Іс жүзінде канадалық Қазақстандық шебердің қарқынына  төтеп бере алмады.Нақтырақ айтқанда Головкин жекпе-жек басталысымен ақ басымдық байқатты.  Головкин  2-3 раундта қарсыласына аздап мүмкіндік  бергендей болды.  Екінші кезеңде Роллс алға қарай әрекет ете бастады, бірақ қазақстандық  боксшы бірден канадалыққа  жауап беріп отырды.Үшінші раундта Роллс белсенді әрекет ете бастады, бірақ мұнда оның соққы күші Генадан кемшін түсіп жатты. Ал төртінші раундта Гена жекпе жекті аяқтауға ниетті екенін байқатты және соған жеттті. бірнеше ауыр соққылар алған Роллс ақыры есінен танды.  Осыдан кейін  Роллс жекпе-жекті әрі жалғастыра алмады. Головкиннің төрт рауынд нәтежиесі бойынша 223 рет соққы беріп, оның 62-і дөп тиген. Осылайша Головкин өз мансабында 39-жекпе-жекте 35-ші рет нокаутпен жеңіске жетті.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІССІЗ СЕРИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
21:45, 23 қазан 2020
ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІССІЗ СЕРИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ МЕКТЕПТЕРІНДЕ КЕЗЕКШІ ТОПТАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ
20:20, 17 қараша 2020
ТАРАЗ МЕКТЕПТЕРІНДЕ КЕЗЕКШІ ТОПТАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ НИДЕРЛАНД ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:30, 17 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ НИДЕРЛАНД ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...