ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ЧЕМПИОНАТЫ

16:23, 11 маусым 2019

Өңірде  ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ойынға еліміздің барлық қалаларынан  жасы 50 ден асқан спорт  сүйер ардагерлер қатысты.  Еліміздің 4 тарабынан 11 команда қатысқан доданың қорытындылары алдағы бейнесюжетте.

Ардагерлер сайысы дәстүрге айналған. Жыл сайын олар түрлі жарыстар мен футбол чемпионаттарын ұйымдастырады. Кезекті  турнирде Ақтөбе, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Шу қалаларынан 8 команда қатысса  ал,  Тараз қаласы атынан  3 команда  бақ сынады.

Сейілдә Байшақов – ФУТБОЛ АРДАГЕРІ

Ардагерлер арасындағы тартысты ойын финалына Ақтөбе, Талдықорған және Тараз командалары  іріктеліп шықты.  Үшінші орынға табан тіреген Талдықорғандық «Жетісу-Ардагер» командасы 2: 0 есебімен «Ақтөбе-Ардагер» командасын жеңіп, турнирдің қола медальін  иеленді. Сондай-ақ, Жамбылдық «Әулиеата» және «Жеңіс» командалары соңғы кездесуінде тартысты ойын өрнегін көрсетті.  3-0 есбеімен «Әулиеата» командасы алға шығып,   чемпионаттың  алтын медальын қанжығаға байлады.  Тараз футбол клубының жасөспірімдер құрамасының соңғы жаттықтырушысы Сергей Тагиев  өңірде  қызықты ойын көрсеткен ардаргерлерге өз алғысын білдірді.

Сергей ТАГИЕВ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Салтанатты рәсімнің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыс етіліп, кубоктар мен дипломдар берілді. Евгений Просветов, Иноят Қырықбаев пен Қуатбек Әзімов турнирдің үздік ойыншылары деп танылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар