ШҰҒЫЛ! COVID-19: ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЧЕМПИОНАТ

16:24, 5 маусым 2019

Таразда футболдан  ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Төрт күнге созылатын тартысты додаға еліміздің барлық өңірлерінен зейнет жасындағы спортшылар қатысып, бақтарын сынауда. 

Ардагерлердің мұндай бастамалары дәстүрлі шараға  айналған. Олар жыл сайын мини-футболдан чемпионат   өткізіп,  жүлдені сарапқа салады. Ал, биылғы жарысқа Ақтөбе, Алматы, Талдықорған, Шымкент және Жамбыл облысынан командалар  қатысуда.

Инаят ҚЫРЫҚБАЕВ    ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ  \Үлкен жастағы зейнеткерлер үшін бүгінгі ойын өте тартысты өтіп жатыр. өйткені барлық команда да жақсы дайындықпен келген.  Сондай-ақ, бұл чемпионат біздің тараз жерінде алғаш рет ұйымдастырылуда.  Ал, жарысқа 8 команда қатысып отыр. Олардың қайсысы финалға шығып, жеңіске жететінін ойын барысында көретін боламыз.\

Сондай-ақ, ашық алаңдағы алғашқы матч   Шу қаласы мен   Алматылық ардагерлер арасында    арасында өтті. Аймақтық футболшылар қарсыластардан 3:1 есебімен басым түсіп, жеңіске қол жеткізді.

Шолпанбек БЕГАСЫЛОВ  ШУ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ

Жарыс әлі 4 күн бойы жалғасын табады.   Жеңімпаздар арнайы медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.   

А.Ермекұлы,   Н.Құдияр   «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

БҰҚАРАЛЫҚ  СПОРТ - ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
20:49, 5 тамыз 2020
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ - ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КООПЕРАТИВ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ
20:23, 10 тамыз 2020
КООПЕРАТИВ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ
Толығырақ...