ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ

14:27, 2 тамыз 2019

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында  ардагерлер арасында аудандық спартакиада өтті.Ондағы мақсат - Бұқаралық спорт түрлерінің қолжетімділігін арттыру және саламатты  өмір салтын насихаттау.

Жарысқа  Жаңатас қаласы мен барулық ауылдық округтерден 55 адамнан құралған 11 команда қатысып, сынға түсті.Ардагерлер спорттың 5 түрі бойынша кім мықтыны анықтады. Сайыстар  бильярд, дартс, дойбы, шахмат және асық ату секілді спорт  түрлері бойынша өткізілді. Спартакиаданың нәтижесі бойынша  жалпы командалық есеппен – Жаңатас қаласының адагерлері I- орынды иеленді. Ал, Игілік ауылдық округіне II- орын бұйырса, III-орынды Байқадам ауылдық округінің ардагерлері алды.  

Жанат ЖҰМАДІЛДАЕВ – САРЫСУ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар