ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АУЛА ОЙЫНДАРЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

18:50, 19 сәуір 2019

Таразда аула ойындарынан жарыс өтіп, оған 600-ден астам әуесқой спортшылар қатысты. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған бастама қоғамдық сананы жаңғыртып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Бұқаралық спортты дамыту үшін ұйымдастырылып отырған  аймақтық сайыс спорттың 5 түрінен өтті. Олар асық ату, ләңгі ойындары, қалашық, орта доп және секірмемен секіру. Қатысушылар  жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінді. 10 мен 14 жас аралығы - балалар, 15 пен 18 жас аралығы - жасөпірімдер, сондай-ақ, 18-ден жоғары ересектер.

Асия Сағынбекова / Жарысқа қатысушы

Жарысқа  қатысу үшін мұндағылардың барлығы екі іріктеу кезеңінен өткен. Әуелі аула және көше, кейін аудан және қала деңгейінде мықтылар сараланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша аула ойындарын өткізуді жылда дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Гүлназ Сағынтаева / Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы

Сондай-ақ, «Алаңдағы тоғызқұмалақ» командалық ұлттық ойын түрі де ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командарларға бағалы сыйлықтар мен қатар диплом және алғыс хаттар табысталды.

Данияр Асқарұлы

Серік Тәжібаев  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар