Азиада-2017: Қазақстанның хоккейші қыздары жарысты қола медальмен аяқтады

18:00, 25 ақпан 2017   280

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында Қазақстанның хоккейші қыздары Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккейші қыздарымыз бүгін Таиланд құрамасымен қола медальді сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған екі күн бұрын хоккейші аруларымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, оларды 19:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Бұл - спортшыларымыздың  VІІІ қысқы Азиада ойындарындағы үшінші жеңісі.

Гонконг құрамасының алдында Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Отандастарымыз тек, Жапония мен Қытай құрамасынан ұтылып қалды. Жапондарға 6:0 есебімен ұтылса, қытайға 8:3  есебімен есе жіберген.

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40