ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ

14:42, 3 шілде 2019

Ертең 4-і шілдеде  Елордада кадеттер арасында Азия чемпионаты басталады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан атынан қатысатын спортшылардың тізімі ұсынылды. 

Күрестен Азия чемпионатына 19 елден,  308 балуан қатысып белдеспек. Кілемге Қытай, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Қазақстан, Қырғыстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сиря, ТайвАн сынды Азия құрлығынан келген жауынгерлер шығады. Қазақстанның әйелдер құрамасы 40 келі салмақтан 73 келіге дейін 9- салмақ бойынша бақ сынайды.Біздің елдің намысын Балжан Шәкір, Марал Тәңірбергенова, Лаура Ғанйқызы, Зейнет Баянова, Алтын Шағаева, Татьяна Мальцова, Жібекжан Сабыржанова және Аяжан Саду сынды нәзәк жандылар қорғайтын болады. Осы бәсекеде бағы жанғандар әлем чемпионатына рұхсат алып, 2020 жылы Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия үшін таласқа түсе алады. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының негізі грек-рим және күрес бойынша өткен Азия чемпионатының жүлдегерлері болады. Олар – Сұлтан Құрманалиев, Асылхан Есенгелді, Кенесары Тайырбек, Әуез Сейтбаев, Яссауи Мұхтарұлы, Бекзат Жалғасов, Юнус Гафуров  және Исламбек Ілиясов. Енді осы қыз жігіттеріміз Азия чемпионатында байрағымызды биіктетеді деп сенеміз

Қ.Байкүшіков

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар