ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

БАСКЕТБОЛ ТУРНИРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

14:00, 11 ақпан 2019

«Қазфосфат» спорт кешенінде Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен баскетболдан әуесқойлар арасында турнир болып өтті. Қазфосфат кубогын сарапқа салған сайыстың финалдық ойындарына  4  команда қатысты.

Елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын спорт саласы Жамбыл облысында қарқынды дамып келеді. Ал, аталған турнирге қыркүйек айынан бастап 14 команда өзара кім мықтыны анықтаған. Солардың ішінен үздік деп танылған 4 команда ақтық кездесуге жолдама алған. Биылғы жарысқа қатысуға ниет білдірген командалар саны жылдағыдан айтарлықтай көп. Сондықтан олар алғашқы айналымдар да топ-топқа бөлініп, бірнеше жерде ойнады. Айта кеткен жөн, бұл спорт түрі  олимпиада ойынының бағдарламасына енгізіліп отыр.  Баскетболда шапшаңдылық пен дене қуатының күштілігі, ептілік қажет. Аталған жарыста өзінің шеберліктерін жіті көрсеткен жеңімпаздар  кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Тимур Бегалиев / Жарысқа қатысушы / Біз бұл турнирге өте қатты дайындалдық. Алғашқы кездесу ойындары осыдан төрт ай бұрын басталған болатын. Бүгінгі ойынға қарсылас командалардың жақсы дайындықпен келгенің көріп отырымыз. Жарыста барымызды саламыз.

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
18:55, 12 шілде 2019
ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар