ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ НЕГІЗІ

15:04, 10 қаңтар 2019

Спорт – денсаулық кепілі. Елбасы өз жолдауында  бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Халықты салауатты өмір салтына шақырып,  сол бағытта нәтижелі халыққа ммол мүмкіндік беріп отырған «Тараз – Арена» спорт сарайы. Заманауи үлгідегі соғылған спорт кешені туралы  Ш.Мұратбекұлының репортажы.

«Тараз – Арена» спорт сарайының 12 спорттық залы бар, еліміздегі ең үлкен кешендердің бірі. Мұнда  түрлі үйірмелерде бүгінде жалынды жастар мен қатар қала тұрғындары жаттығады. Оларға арнайы жаттықтырушылар нұсқаулық етеді. Спорт кешенінде бір күнде сыртқы алаңдарды қосқанда 15 спорт түрімен 2500-ге тарта спортшы шыныға алады.

Нұрлан САУРЫҚОВ – «Тараз – Арена» спорт сарайының директоры

Өткен жылдың 10 айының қортындысы бойынша 29 жасқа дейінгі 3207 адам, 30 жастан жоғары 4779 адам спорт сарайының бассейн, тренажер залына келіп, жүйелі түрде спортпен шұғылданған. Мұның өзі бұқаралық спортты дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана.

Нұрлан САУРЫҚОВ – «Тараз – Арена» спорт сарайының директоры

Сондай –ақ, спорт кешенінде мектеп оқушыларына, орта және жоғары оқу орнының студентеріне, барлық санаттағы зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік жасалған. Ал, қала тұрғындарына қаңтар айында тренажер залы  мен бассейіннің жылдық абономентеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылып отыр.  

Айдар Абылай - Қала тұрғыны

Сонымен қатар, спорт сарайында халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейде 22739 спортшының қатысуымен 99 бұқаралық спорттық іс – шаралар, 141 спортшының қатысуымен 8 оқу – жаттығу жиындары өткізілсе, биылғы жылы да көптеген жарыстар өтеді деп жоспарланған. Осылайша алып спорт кешені  кешені бұқаралық спорт пен үлкен спорттың қатар дамуына жол ашып келеді.

Ш.Мұратбекұлы, Ғ.Есенбаев, Н.Құдияров «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
14:12, 20 наурыз 2019
ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...