ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

Дені сау ұлт- ел болашағы

14:01, 11 желтоқсан 2017

«Дені сау ұлт- тәуелсіздік тірегі» ! Дәл осындай атпен «Нұр Отан» партиясының  Жамбыл облыстық, Тараз қалалық  және аудандық  филиалдарының қызметкерлері спорттың әр түрінен өзара бәсекеге түсті. Бұл жарыс  16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Спартакиаданың негізгі мақсаты-  партия мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуды  күшейту.  Оған қоса, жұмыс барысынан бөлек, спорт саласында да белсенділікті  арттыруға негізделген.

Мұратхан Шүкеев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының халқы 28/4 пайызы бұқаралық спортпен айналысады. Оның  өзі үлкен жетістік болып табылады. Жалпы біздің облысымызда спорттың қай түрінен болмасын, көптеген жетістіктерге  жетіп жатырмыз. Бір ғана мысал, «100 -жаңа есім» жобасына облысымыздың  Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаровтың тіркелгенінің өзі, спортқа деген қарым-қатынасқа үлкен көңіл бөлінетіні  осыдан- ақ байқалады.

Спартакиадаға қатысушы қызметкерлер «Әулиеата», «Руханият», «Намыс», «Бірлік» болып, 4 топқа бөлінген.  Әр  команданың құрамында 60-қа жуық мүшесі бар. Олар кіші футбол, қол күресі, үстел теннисі, волейбол, шахмат түрлерінен сайысқа түсті.

Ақмарал  Жекеева, «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының консультанты

Облысмыз ұйымдастырып жатқан спартакиада өте қызықты өтуде. Осындай  спорттық жарысқа қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бүгінгі қол күрестен бірінші орын алып жатырмын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру оны дәріптеу біздің негізгі міндет-деп ойлаймын.

Жалпы топтық есепте бірінші орын «Бірлік», екінші орынды  « Руханият» алған болса,  ал үшінші орын «Намыс» тобына бұйырды. Командалар кубокпен, тиісті дәрежелі дипломмен және бағалы естелік сыйлықтарымен марапатталады.  Ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шараларды алдағы уақытта  жиі жоспарлауға ниетті.

Аршат Сапарғали, Нұрлыбек  Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
17:41, 30 қазан 2018
ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...