ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

Әлем чемпионаты аяқталды

15:34, 8 қаңтар 2019

26 желтоқсан мен 5- қаңтар аралығында Канадада хоккейден 43- ші жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Оған дүние жүзінің хоккей державалары саналатын 10 команда қатысып, турнир қорытындысы бойынша Финляндия бірінші, АҚШ екінші, Ресей үшінші орынды алды. Ал, ақтық сында Даниядан басым түскен Қазақстан құрамасы да үздіктер қатарынан көрінді.

Хоккейден өткен әлем чемпионатында барлық командалар екі топта өнер көрсетті. «А» тобында Канада, Ресей, Чехия, Швейцария мен Дания болса, «Б» тобында Швеция, АҚШ, Финляндия, Словакия мен Қазақстанның жастар командасы бар. Алайда, осындай хоккей державаларымен терезесі тең өнер көрсеткен Қазақстандық жастар командасы турнирдің плеф-офф бәсекесіне шыға алмады. Бірақ, бұл елімізде осы спорттың мықтап дамып келе жатқандығын көрсетсе керек. Себебі, әлем чемионатына таңдаулы деген 10- команда ғана жолдама алған болатын. Осы жарыстағы өзінің қорытынды ойынын Даниялықтармен өткізген жерлестеріміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Артур Гатятов, өзінің Ресейлік әріптесі Григорий Денисенко, финдік Алекси Хопениеми секілді турнирдің үздік хоккейшілерінің қатарынан көрінді.

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
14:12, 20 наурыз 2019
ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...