ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ

18:30, 4 маусым 2019

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бастапқы матчтарына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылар құрамы бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін өткізілген екі матчта  футболшылар Шотландия құрамасын жеңіп, Ресейліктерге есе жіберген еді.  Енді  құраманың келесі қарсыластары Бельгия мен Сан-Марино командалары болмақ.

Айта кетейік , қазақстандық футболшылар  іріктеу кезеңінде Грузияға да есе жіберген еді.  Қазір ұлттық құрама өз алаңында 5 матч өткізіп, Еуро-2020 чемпионатына қатысу үшін бақ сынауда. Сондай-ақ, отандық футбошылар алғашқы екі ойынды өз алаңында өткізіп,  Шотландияны 3: 0 есебімен жеңген болатын.    Ал, көршілес  Ресейліктер  ұлттық құраманы  4: 0 есебімен қапы қалдырды . Аталған  екі кезеңнен кейін қазақстандықтар І топта төртінші орында тұр.  Енді 8-9 маусымда  Брюссельде Қазақстан Бельгия құрамасымен ойнайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00: 45-те  Gazsport арнасынан  тікелей эфирде көрсетіледі деп күтілуде. Ал, 11 маусымда ел футболшылары Сан-Марино ұлттық құрамасымен кездеседі. Осы екі кездесу үшін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылар құрамы бекітілді. Маусымдағы сериядан кейін Euro2020 іріктеу додасының ойындары күзде жалғасады. Қыркүйек айында Қазақстан Кипрге қарсы ойнайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
18:55, 12 шілде 2019
ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар