ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ЕУРОПА ЛИГАСЫНДА ЕКІ КОМАНДА ҚАЛДЫ

13:20, 20 шілде 2018

Футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының кезекті іріктеу кезеңдері өз мәресіне жетті. Ел чемпионатында үздік атанған Астана чемпиондар лигасында қарсыласын қапы қалдырып келесі кезеңге жолдама алса,  Қайрат пен Тобыл Еуропа лигасының іріктеуіндегі қарсыласын айналып өте алды. Ал, Ертіс болса бір доп айырмашылығымен Литвалық Тракайға жол беріп жарыс жолынан шығып қалды. Толығырақ Ерғали Әбуғали тарқатады.

Жылдан жылға ойын мәнері бір ізге түсіп, Еуропаның жасыл алаңында атой салып жүрген футболшыларымыз жеңісті жолын жалғастыруда. Чемпиондар лигасының алғаш топтық ойындарына дейін жеткен  Астана футбол клубы биыл  сол жетістігіне жету жолында жолында күш салуы заңдылық.  Черногориялық «Сутьескамен» болған жауапты ойында «Астана» командасы жеңіс үшін ойнады. Алайда,алғашқы минуттардан бастап алаң иелері қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Ненад Эричтің қақпасынан саңылау іздеп бақты. Бірақ,жерлестеріміз  сауатты қорғана біліп, қателікке бой алдырмады.  Ойын тізгінін өз қолдарына алған «Астана» клубы кездесуде өз басымдықтарын танытты. Бірінші таймның 38 минутында Мұжықовтан әдемі пас алған Деспотович қолайсыздыққа қарамастан допты сәтті қабылдап қақпаға бағыттады, нәтижесінде алғаш болып есеп ашты. Есеп 1:0. Кездесудің 42 минутында Томасовта әдемі мүмкіндік болғанымен,сәттілік жетіспеді. Екінші таймда алаң иелері барын салғанымен есепті теңестіре алмады. Ал,қонақтар болса өзіне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Кездесудің 65 минутында Деспотовичтің баспен бағыттаған соққысын қақпашы  қайтарғанымен,допты өзінде сақтап қала алмады. Нәтижесінде доп Мұжықовтың дәл аяғынан табылып, кейіннен қақпадан табылды. Есеп 2:0. Осылайша қарсыласын қос кездесу бойынша  3:0 есебімен жеңген Астана келесі кезеңде  Даниялық Мидтьюлланд командасымен  24 шілде күні ойын өткізетін болады.

Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінде жауапты кездесу өткізген Қайрат футбол клубы ірі есеппен қарсыласын тізе бүктіріп келесі кезеңге жолдама алды. Андорраның «Энгорданын» қабылдаған Алматылықтар ойын тізгінін алғашқы минуттардан өз қолдарына алып шабуылдауға көшті. Кездесуде жасындай жарқылдаған Эппель ойынның 4, 11, 44, 75 минутында гол соғып покердің авторы атанса, Эсеола, Исламхан және Вороговский бір – бір голдан соғып барлығы 7 голды қарсылас қақпасына тулатты. Ал, қонақтар болса тек бір голмен ғана жауап қата алды. Ойынның 72 минутында тыңнан қосылған Лафон гол авторы атанды.Нәтижесінде екі кездесу бойынша 10- 1 есебімен жеңген Қайрат футбол клубы 26 шілде күні Нидерландылық АЗ Алкмар командасымен кездесетін болады.

Ал, Тобыл болса «Самтредиа» командасын қабылдап сенімді жеңісіне қол жеткізді. Қонақта 1:0 есебімен жеңіп келген жерлестеріміз жауапты ойында жауапсыз екі гол соғып келесі кезеңге жолдама алды. Гол авторлары: Тұрысбек пен Дарабаев. Осылайша Тобыл командасы 26 шілде күні Арменияның Пюникімен кездеседі. Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетіп жүрген үшінші команда Ертіс болатын.  Алайда, жауапты ойында жерлестеріміз барын салғанымен Тракайді жеңе алмады. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 19 минутында қонақтардан Чижас соғып, жеңісті жұлып әкетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АНДОРА КОМАНДАСЫН ОЙСЫРАТА ҰТТЫ
18:20, 17 қазан 2018
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АНДОРА КОМАНДАСЫН ОЙСЫРАТА ҰТТЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
13:20, 2 қазан 2018
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар