ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ФИНАЛДА ФРАНЦИЯ МЕН ХОРВАТИЯ КЕЗДЕСЕДІ

13:20, 12 шілде 2018

Футболдан биылғы әлем  чемпионаты талайды таңдай қақтырды. Сарапшыларды сарсаңға салған  мундиаль кімнің мықты екендігін түбінде көрсетті. Плей-оффта екі ойын қатарынан 120 минут ойнаған Хорваттарды Англия оңай жеңеді деп ойлаған көптеген жанкүйер.  Алайда бәрі басқаша болды. Толығырақ Ерғали Әбуғали баяндайды.

Ресейде өтіп жатқан әлемдік доп додасы соңына тақаған сайын қыза түсуде. Фаворит саналған бір топ құрамалармен қош айтысып үлгермей жатып, Англия құрамасына да қол бұлғауға тура келді. Ал, Хорваттар болса шаршаған сайын шабыт алып, алғаш рет финалға шықты. Хорватияның екі ойын қатарынан негізгі 90 минутта ойынды аяқтай алмауы, тек пенальти арқылы келесі кезеңге өтуі Хорваттардың аяғына тұсау салады деп топшылаған. Ал, Ағылшындар болса алдыңғы кездесуде Швецияны оңай ұтып келесі ойынға сақадай сай тұрған.

Жартылай финалда жолы түйіскен қос құрама кездесу басталысымен шабуылдауға көшті. Ойын тізгінін өз қолдарына алған ағғылшындар шынымен мықты болып шықты. Кездесудің 5 минутында – ақ  есеп ашты. Айып добын сенімді орындаған Кирану Треппьеру қақпа тоғыздығын дәл көздеді. Есеп 1:0. Осылайша, Гарет Саутгейттың командасы ойында күш алып, Хорваттарға мүлдем мүкіндік бермеді. Ал, екінші таймда ойын басқаша бағытта өзгеріп сала берді. Англияның жас әрі жылдам ойыншыларына қарамастан Хорваттар ағылшындардың қақпасына жақындай түсті. Жақындап қана қойған жоқ Ребич пен Перешич жойқын соққыларын жұмсап, гол салуға шақ қалды. Пикфордтың мықты ойнағанына қарамастан шақпақ жиделілер есепті теңестіріп кетті. Әуеден келген допты жоқ жерден пайда болған Перешич аяғын допқа дәл қойып, айласын асырып кетті. Есеп 1:1. Осылайша, күш алған Хорватия үсті – үстіне шабуылдап есепті еселеуге мүмкіндік алған. Алайда, бұл жолы да 90 минутта ойын тағдырын шеше алмады. Кезек овертаймда.

Қос құрама да финалдан үмітті еді. Сондықтан олар шабуылға ден қойды. Ағылшындар біраз мүмкіндікке ие болғанымен мүлт кетсе, Хорваттар болса мүмкіндікді сәтті пайданалып есепті  еселеді.Кездесудің 109 минутында Перешичтан пас алған Марио Манджукич ойынға нүкте қойды. Есеп 2:1. Осылайша Аристократтар үшін жарты ғасырға айналған арман желге ұшты.  Финалда Хорватия.

Финалға шығуға шақ қалған Англия мен Белгия 14 шілде күні 20:00  қола жүлдеге таласатын болады.Ал, Франция мен Хорватия арасындағы ФИНАЛ 15 шілде күні 21:00 өтеді. Аталған ойындарды Qazsport және  Qazaqstan арналарынан көре аласыздар!

Е.ӘБУҒАЛИ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
17:41, 30 қазан 2018
ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...