ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

21:34, 14 маусым 2019

2021 жылы өтетін  футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы жеңіске жетті.  Черногориялық қарсыластарын  2: 1 есебі мен жеңген жерлестеріміз осымен екінші кездесуін сәтті аяқтап отыр.

Айта кетейік, жастар арасындағы  Еуропа чемпионаты 1972 жылдан бері өткізіліп келеді.  Чемпионаттың іріктеу кезеңінде  ережеге сәйкес ұлттық құраманың ойыншысы 21 жастан аспауы керек. Турнирдің соңғы бөлімі ұлттық командалар арасында Евро чемпионаты аяқталғаннан кейін жалғасын табады. Ал, Еуропа ойындары болса,  2021 жылы өтеді деп жоспарланып отыр.   Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Испания, Фарер аралдары мен Черногория, Израиль және Солтүстік Македониялық  жастар командаларымен  кездесті. Іріктеу ойындарының алғашқы матчында отандастарымыз Фарер аралдарының командасын 3 -1 жеңген болатын.

Сонымен қатар,  Қазақстан құрамасы Подгорицада өткен кездесудің алғашқы минуттарында 0 - 1 есебімен есе жібергенімен кездесу қыза түсті.  Жамбылдық  Еркебұлан Сейдахмет  62 минутта матчты теңестірсе, 19 жасар шабуылшы Рамазан Каримов соңғы минуттарда қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Кездесудің нәтижесі Қазақстан құрамасының пайдасына 2-1 есебімен аяқталды. Осылайша, екі матчтан соң Қазақстан жастары 6 ұпаймен өз тобында бірінші орынды иемденді. Сондайқ-ақ,  күз айлында Қазақстан құрамасы  Испания мен Израильге қарсы өз алаңында кездесіп, солтүстік Македония құрамасына қарсы матч өткізетін болады. Жастар чемпионатының шешуші финалы 2021 жылы  Венгрия мен Словения даөтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар