Жасөспірімдер турнирі

19:42, 12 қыркүйек 2017

Байзақ ауданында «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері ҚР Президенті күзет қызметінің офицері  Біржан  Жүсіповты  еске алуға арналған 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан турнир өтті.  Аудандағы тілшіміз Серік Жұмабек әңгімелейді.

Біржан Жүсіпов 1978 жылы Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын салық комитетінде маман болып бастаған . Ол бала кезінен спортқа жақын болыпты.  2003-2007 жылдар аралығында ҚР Президентінің күзетінде Қайсарлық пен батылдығы және әскери борышын адал атқарғаны үшін 3 дәрежелі медалімен марапатталған. Сондай-ақ, «Жауынгерлік ерлігі үшін» төс белгісімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.

Теңбіл доп турнирінде  18 команда өзара бақ сынасуда. Жарыстың мақсаты аудан жастары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мен ел үшін туған ерлердің  батылдығын  насихаттау.

2 күнге созылатын  бәсекеден жүзден жүйрік шыққандар ертең анықталады.  Жас  аяқдоп шеберлерін шыңдауға мұндай кездесулертаптырмас мүмкіндік дейді ұйымдастырушылар.

Серік Жұмабек, Мерей Сардаров, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ күресінен республикалық ашық турнир
13:53, 20 қараша 2017
Қазақ күресінен республикалық ашық турнир
Толығырақ...
Жол талғамайтын көліктер жарысы өтті
14:53, 13 қараша 2017
Жол талғамайтын көліктер жарысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...