ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ

22:08, 13 мамыр 2019

Футболдан  ел чемпионатының кезекті турында  "Тараз " командасы ұлттық біріншіліктің көшбасшысы  "Астананы" 2:0 есебімен жеңді. Ал, Қазақстан бойынша 10-шы турдың басқа да кездесулері қалай өтті? Бұл туралы алдағы бейнематериалда.

Тараз –Астана ойынының алғашқы минутынан бастап қақпаға Сейсен Мұхамеджан жайғасты, жартылай қорғаушы ретінде Дінмұхамед Қараман ойнай бастады, ал екінші таймда оны Гавриил Кан алмастырды. Серж Ньюадзи айып добын орындап алғашқы допты қарсыластар қақпасына соқты. Көп ұзамай Тараздық Лобжанидзе допты дәл нүктеге бағыттап, есепті  2:0 -ге жеткізді. Ал, Қазақстан премьер-лигасының  10-туры екі күнге созылды.  Бұл турда алаң иелері 4 рет жеңіске жетсе, 2 матч қонақтардың пайдасына шешілді. Бір қызығы тең нәтижемен аяқталған ойын болған жоқ. Жалпы 10 турда 17 гол соғылды. Оның 5-ін қазақстандық футболшылар, ал қалған 12 голды легионерлер салды. «Ертіс» командасы «Ордабасыны» ұтса, «Қайсар» «Тоболды» 5:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ,  «Атырау» «Қайратты» 2-1  есебімен жеңді. «Ақтөбе»,»Тараз» және «Ертіс» командалары маусым басталғалы тең ойнап көрген жоқ. Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 9:8. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 11:6. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 5:12. Турдағы орташа гол — 2,83 құрады. Ал, чемпионаттың рейтингі бойынша Жамбылдықтар 9 ұпай жинады.

Данияр Асқарұлы

«ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
18:55, 12 шілде 2019
ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар