ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

14:12, 20 наурыз 2019

21 және 24 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өз алаңында екі кездесу өткізеді. Біздің жігіттердің алғашқы қарсыласы Шотландия мен Ресей командалары болады. Бұл маңызды кездесулерге ұлттық құрама белсенді түрде дайындалып жатыр.

Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңінде Еуро - 2020 финалына шығу үшін аянбай тер төгуге тура келеді. Ол, өз алаңында 5 ойын, сырт алаңда 5 ойыннан тұратын тартысты кездесулер. Еуропа чемпионатына жолдама алған қазақстандықтар Шотландия,  Ресей, Бельгия, Кипр және Сан-Марино  ұлттық құрамаларымен күш сынасады.  Біздің команда бастапқы ойыншыларын бекітті.  Оған іріктелген 24 ойыншы кірді. Олардың арасында Жамбыл футболының төрт түлегі бар. Бауыржан Исламхан, Ресейлік Ростов клубының жартылай қорғаушысы Бахтиор Зайнутдинов және Еркебұлан Сейдахметов пен қорғаушы Елдос Ахметов бар. Сондай-ақ ұлттық құрамаға Тараздың бұрынғы ойыншылары Роман Мұртазаев пен Алексей Щеткин қатысады. Олар қазір «Қайрат» пен «Ордабасы» командаларының қорғаушылары. Ертең 21 наурызда Ел құрамасы Шотландия командасына қарсы іріктеу кезеңінің алғашқы матчында ойнайды. Бұл команданың құрамында біздің жерлестерімізге есімдері таныс 21 жастағы Кирин Тирни, 25 жасар Каллум Макгрегор,  27 жасар Джеймс Форрест және 26 жастағы Стюарт Армстронгтарды атауға болады. Бір сөзбен айтқанда Алекс МакЛейс өте күшті команда әкеледі. Бірақ олар жеңімпаз деп айтуға әлі ерте. Ал 24 наурызда ұлттық құрама өз алаңында Ресей аяқ допшыларын қабылдайды. Ресей командасы 2018 жылдың жазында Испанияда жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына шыққан. Бұл ойын Ресей мен Бельгиялықтардың арасындағы тартыстан соң өтеді. Осының өзі ел құрамасына берілген сәттілік. Айта кетейік  Қазақстандықтар  үшін үлкен артықшылық өздеріне таныс жасанды алаң болмақ.      

Қ.Байкүшіков

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...