ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 17-ШІ ТУРЫ

15:49, 9 шілде 2019

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының 17- ші  тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл сында турнир кестесінің соңғы орындарының бірінде келе жатқан Тараз командасы өз алаңында Ақтөбені қабылдады.

 Бұл матчта жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Алайда, өз алаңындағы ойында Тараздықтар алғаш болып есеп ашқан болатын. Бірақ, көп ұзамай Жамбылдық команданың ойыншысы айып алаңда тәртіп бұзып, белгіленген 11- метрлік соққыдан қонақтар мүлт кетпеді. Дегенмен, Ақтөбе командасының биылғы чемпионаттағы аутсайдерлердің бірі екендігін айта кеткен жөн. Ал, оны жеңе алмау Тараздықтарға  үлкен сын болды. Турнир кестесінің өзге де ойындарына тоқтала кетейік.  Көш басында 38 ұпаймен Астана командасы келеді. Премьер- лиганың өзге де ойындарына келсек. Атырау- Жетісу 2-1, Қайсар –Шахтер 2-2, Ертіс- Оқжетпес 2-1, Тобол –Астана 0-2, Қайрат- Ордабасы 0-1.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ» 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар