ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

Футболдан ҚР жастар құрамасы 2018 жылғы жаңа маусымға дайындалып жатыр

21:00, 17 қаңтар 2018

Футболдан Қазақстанның U-21 жастар құрамасына аға жаттықтырушы болып Талғат Байсуфинов тағайындалды. Ол жаңа маусымда жас футболшыларды әлем чемпионатына дайындайтын болады. Естеріңізде болса, еліміздің жастар құрамасы Болгария, Люксенбург және Черногорияны тізе бүктіріп, «Еуропа-2019» чемпионатына қатысуға үміткер елдердің тізімінде 3-орынға табан тіреген.

Футболдан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінде болған Владимир Никитенконының орнына  Талғат Байсуфинов келді. Ол, Павлодардың “Ертіс” командасының сапында және Қазақстанның ұлттық құрамасында  өнер көрсеткен белді ойыншы. Одан кейін премер лигада бірнеше клубта жаттықтырушы болған. 2016 жылы ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып жүрген кезінде еліміздің ұлттық құрама командасы Әзербайжан мен Қытай елінің футбол құрамаларына жеңісті бермеген. Сондай-ақ, 2018 жылғы іріктеу чемпионатында Польша мен Румыния елдерімен тең ойын өрнегін көрсеткен. Енді, аға жаттықтырушы 2019 жылғы әлем чемпионатының финалында жастар құрамасының жеңіс тұғырына шығаруды ниет етіп отыр. Айта кетейік, жастар құрамасы Еуропа-2019 чемпионатының іріктеу тобында 3-орында.

Графика

Біздің іріктеу тобымызда 15 ұпаймен Франция көш бастап тұр. Словения 10 ұпаймен екінші, ал, Қазақстан қоржынында 6 ұпай. Одан кейін 5 ұпаймен Болгария, Люксенбургта 4 ұпай. Ал, Черногорияда 1 ұпай ғана.

Қазір жастар құрамасы қарқынды дайындық үстінде. 20 ақпанған дейін Түркияда 2 апталық дайындық жүргізбек. Осы аралықта 2 бақылау ойынын өткізу жоспарланған. Жастар құрамасын алда 2 үлкен ойын күтіп тұр. Олар: 23 наурызда Францияның, 27 наурызда Люксенбургтың жастар құрамасымен кездеседі. Жастар құрамасы жұмысының қорытындысы  көрсеткен нәтижесіне қарай қаралады. Алайда, ойыншыларға ұлтқа деген құрметі бірінші тұруы керек. Себеп, тек солар ғана елімізді халықаралық аренада танытады.

 

Нұртаза Шоқатаев  «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
17:41, 30 қазан 2018
ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...