Каратэдан ел біріншілігі өтіп жатыр

15:59, 14 қараша 2017

Таразда Жамбыл облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен каратэнің фулл контакт түрінен республика біріншілігі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық аймағынан 200 ден астам спортшы қатысуда.

Жамбыл жерінде жалауы көтерілген жарысқа Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан келген спортшылар қатысты. Турнир 2 салмақ дәрежесі бойынша өрбіді. Оның біріншісі каратэнің микс комбат, екіншісі кекушинкай түрі. Бұл жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы үш жас ерекшеліктерінен тұрады. Негізгі мақсат, өңірімізде каратэ спортының түрлерін дамыту. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, денешынықтыруға баулу. Каратэнің бұл түрлері әсіресе қатысушының техникасын арттырады дейді сала мамандары. Турнирде жеңіске жеткен спортшылар алда республикалық жарыстарға жолдама алады.

Дастан Амалбек, турнирдің бас төрешісі

Алдағы айда Алматы қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді. Біз осы жарыс арқылы соған іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл спорт Жамбыл жерінде жақсы дамып келеді

Айбол Қарашев, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ күресінен республикалық ашық турнир
13:53, 20 қараша 2017
Қазақ күресінен республикалық ашық турнир
Толығырақ...
Жол талғамайтын көліктер жарысы өтті
14:53, 13 қараша 2017
Жол талғамайтын көліктер жарысы өтті
Толығырақ...
Ұлттық спорт түрінен республикалық чемпионат
14:50, 13 қараша 2017
Ұлттық спорт түрінен республикалық чемпионат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...