ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

15:20, 11 қаңтар 2019

Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында қазақ күресінен облыстық чемпионат өтті. Жарысқа 2004-2005-ші жылы туылған жасөспірімдер қатысты.

Күрес, бәйге сынды спорт түрлері ықылым замандардан бері қазақтың қанына сіңген қасиетті дарын. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға дарыған палуандық, шабандоздық әкеден балаға ұласып келе жатқан төл спортымыз. Құланда өткен бәсекеге Тараз қаласымен барлық аудандан 250-ге жуық жас спортшылар қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып өскелең ұрпақтың қазақ күресіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген облыс чемпионатына жастар мықты дайындықпен келген. Олар 9 салмақ дәрежесі бойынша 38 келіден 73 келіге дейін өзара кім мықтыны анықтады. Жеңімпаз атанған жасөспірімдер медаль, дипломдармен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Ең бастысы мұндай додалар, ұлттық спорттың дамуымен қатар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жол ашады.

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
21:34, 14 маусым 2019
ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:37, 13 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар