ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА 5 АЛТЫН

13:27, 15 наурыз 2019

Қазақстандық ауыр атлеттер Америка Құрама Штаттардағы ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатынын сәтті аяқтады. Байрақты бәсекеде біздің елден барған  барлық бес спортшы да  алтын медальды қоржынға салды.  Олардың біреуі - Сайхан Тайсүйев өзінің жас санатында жаңа әлемдік рекорд орнатты және екі жаттығу бойынша  әлемдегі ең жоғарғы жетістікті қайталады.

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен әлем чемпионатына әлемнің 50 елінен 200-ге жуық ауыр атлетші қатысты. Қуантарлығы, бұл бәсекеде бәсі мықтылардың қатарында  жас қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильиннің және біздің өзге де  спортшыларымыздың жетістіктерін керемет жалғастырды. Жастар арасындағы әлем чемпионатында біздің елден 5 спортшы қатысты.  Олардың әрқайсысы Қазақстанға алтын медальмен оралмақ. Чемпионаттың алғашқы күнінде 61 келі салмақта  16 жасар Ақмолда Сайрамкез біздің ұлттық құрамаға алғашқы алтын медальды салды. Сайыстың екінші күні Сайхан Тайсуев ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 67 кг дейінгі салмақ санатында екі жаттығу жиынтығында әлемдік рекорд орнатып қана қоймай, біздің команда қоржынына  екі бірдей  алтын медальды салды.  Ал чемпионаттың үшінші күнінде Қазақстан құрамасы тағы бір медальмен толықты. 81 келі салмақ санатында Сапи Есенгелді өз шеберлігімен көзге түсті.  Ольга Пастухова қыздар арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы атанды. Лас-Вегастағы жастар арасындағы чемпионатта қазақстандық ауыр атлеттердің сайысын  Рахат Бекболат аяқтады. 96 кг дейінгі салмақ санатында ол жалпы салмақты 323 кг-ға көтере отырып, подиумның ең жоғары сатысына көтерілді.

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
14:12, 20 наурыз 2019
ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЕУРО 2020»: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
14:16, 14 наурыз 2019
«ЕУРО 2020»: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...