Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 25 жыл

16:00, 18 мамыр 2017   69

Бүгін "Тараз-Арена" спорт сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өңіраралық спартакиада басталды.

Дәстүрлі спорт жарысына Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және облыстарынан құралған командалар қатысуда. Сайыс  шағын-футбол, жүзу, тапанша ату, қоян-қолтық ұрыс сияқты спорттың 5 түрі бойынша өтуде. Жеңімпаз команда Астанада өтетін ақтық додаға жолдама алады. Мемлекеттің тұтастай қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орган мамандарының шымыр болуы кәсіби талап. Сондықтан әулиеата төріндегі жарыс олардың спорттық қабілеттерін шыңдауға жақсы мүмкіндік болмақ.

Жылқыбай Сейдәзімов, ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша ардагерлер алқасының төрағасы

Бүгінгі сайысқа ҰҚК Жамбыл облысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысы бойынша командалар келді. Сайыстың басты мақсаты спортшының шеберлігін шыңдау. ҰҚК органдары арасында шеберлікті шыңдау болып табылады.
 

 

Данияр Асқарұлы «Жаңалықтар қызметі»
 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40