ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН- САН-МАРИНО 4-0

16:22, 12 маусым 2019

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осы ойында Жамбыл футболының түлегі Бауыржан Исламхан матчтың үздік ойыншыларының бірі деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жолы біздің ұлттық құрама аяқ допшылары іріктеу кезеңінде, Еуро-2020 финалына шығу үшін тер төгіп жатыр. Бұл ойындардың бесеуі өз алаңымызда, бес ойын сырт алаңда өтеді. Естеріңізде болса Қазақстан алғашқы үш кездесуде өз алаңында Шотландияны 3-0 есебімен жеңіп, Ресей мен Бельгия футболшыларынан жеңіліп қалған еді. Сан-Марино ұлттық құрамасы  Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның төртінші қарсыласы болды. Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап-ақ, біздің отандастарымыз тізгінді қолдарына мықтап алды. Ян Вороговский, Бауыржан Исламхандардың соққылары өз нысанасын дәл тауып жатты. Сондай- ақ Асхат Тағыберген, Сергей Малы және Дмитрий Шомколар керемет ойын өрнегін көрсетті. Ойынның бірінші жартысында алғашқы голды Исламбек Қуат қарсыластар қақпасына тоғытты. Екінші таимда да да біздің жігіттер дес бермеді. 62-ші минутта Максим Федин  одан кейін Ғафуржан Сүйімбаев гол соғып 3-0 есебімен құраманы тағы алға шығарды. Жамбыл футбол клубының түлегі Бауыржан Исламхан  Сан-Марино қақпасына төртінші голды салды. Ойын нәтижесі 4-0.  Қазақстанның жеңісі. Осы кезең бойынша 6 ұпай жинаған біздің құрама, шағын топта 4-ші орында. Осы маусымнан кейін Еуро-2020 іріктеу додасы күзде жалғасады. Қыркүйек айында Қазақстан Кипрге қарсы ойнайды. Ал қазан мен қараша аралығында Шотландия, Ресей, Бельгия және Сан-Марино ұлттық командаларымен келесі айналым өткізеді.

Қ. байкүшіков

Н.Бағбанов

«Жаңалықтар қызметі»

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...