ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

Қазақстандық жас талантты футболшы ресейлік клубта ойнауы мүмкін

15:03, 11 қаңтар 2018

Қазақстандық жас талантты футболшы Еркебұлан Сейдахмет өз спорттық мансабын Ресейдің премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Ғаламтордағы ақпарат көздерінде ол "Уфа" командасына ауысуы мүмкін делінген. 

Еркебұлан Сейдахмет 2017 жылы Қазақстан премьер-лигасында "Тараз" клубында ойнады. Он бес ойынға қатысты. Бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Қазір оның жасы 17-де. Алдағы ақпан айында  18 жасқа толады. Одан кейін қазақстандық жас таланттың шетелдік командалармен келісімшарт жасауына жол ашылады. Кей бейресми ақпараттар бойынша Еркебұлан уфалық команданың оқу-жаттығу жиынына қатысады. Айта кетейік, Ресей премьер-лигасының ХХ тур ойындарынан кейін башқұртстандық команда 27 ұпаймен 6-орында келеді. Команданы танымал футболшы болған Сергей Семак жаттықтырады. Ал Ресей біріншілігі наурыз айында жалғасады.Еркебұлан Сейдахмет өткен жылы қыста Санкт-Петербургтегі "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті. Қазақстан жастар құрамасының үздігі атанып, финалға дейін жетуіне зор септігін тигізді. Жарыстан кейін "Зениттің" жастар құрамында болып, ФИФА ережесі салдарынан келісімшартқа қол қойған жоқ.2017 жылдың наурыз айында Еркебұлан "Зениттің" жастар құрамымен Италиядағы "Viareggio Cup"  (виареджио кап) халықаралық турниріне қатысты. АҚШ-тың "Атланта Юнайтед" клубына қарсы ойында 35 минут ішінде покер жасады.

Еркебұлан Сейдахмет, Футболшы

Ия ұсыныстар Ресейден және Еуропалық клубтардан түсуде. Әрине кәрі құрлықта доп тепкім келеді. Алайда онда бәсекелестік тым көп болғандықтан, Еуропаға Ресей чемпионаты арқылы шыққым келеді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
17:41, 30 қазан 2018
ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...