ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗІРГІ БЕССАЙЫСТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

18:37, 15 сәуір 2019

Таразда қазіргі бессайыстан  жасөспірімдер арасында ҚР-ның ашық чемпионаты басталды. Оған еліміздің 6 өңірінен және Қырғыстан Республикасынан 150-ден астам  спортшы қатысуда.

Қазіргі бессайыс спорт түрі Тараз қаласында 2012 жылы ашылған. Алғашында бұл спортқа қызығушылық танытқандар аз болған.Ал,  қазіргі таңда 120 спортшы осы спорт түрімен тұрақты түрде шұғылдануда. Қазіргі бессайысқа  жүзу, семсерлесу,жүгіру, лазер- ран ату, және атпен секіру кіреді.

Абылай АМАНЖОЛОВ- ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Бұл Дария Кузьмина бұл спортқа қатысып жүргеніне 5 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында Азия, Европа, Әлем чемпионаттарында өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп де үлгерген. Бүгінгі ашық біріншілікте де үздіктер қатарынан көрінуге үмітті.

Дария КУЗЬМИНА-СПОРТШЫ

Бүгінде таңда облысымызда қазіргі бессайыстан 15 спортшы ҚР спорт шеберіне үміткер. Соңғы жылдары Жамбылдық спортшылар Халықаралық Республикалық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр. Чемпионат 3 күнге созылады.      

С. Жұмабек, Ғалымжан Есенбаев «жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...