Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті

16:39, 18 тамыз 2017

Кіл мықтыдан кім мықты. «Тараз Арена» спорт сарайында кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті. Оған облысымыздың барлық ауданынан және де  қалалық спорт бөлімдерінен командалар қатысып өзара кім мықтыны анықтады.

Жылда дәстүрге айналған жарысқа биыл барлық командалар мықты дайындықпен келген. Себебі, жарыстың алғашқы айналымында Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм аудандарының спортшылары үздіктер қатырынан көрінді. Шахмат, жеңіл атлетика, арқан тарту спорт түрлерінен өткен сайыс тартысқа толы болды. Спартакиадаға биыл 22 команда өтінім берген. Сондай –ақ былтырғы жылға қарағанда биыл жарыстың ауқымы да үлкейген. Бұқаралық спорт түрлерін дамыта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан спартакиаданың жүлде қоры да қомақты. Бірінші орын алған командаға Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы дипломдары мен қатар ақшалай сыйлықтар табыс етіледі. Сонымен қатар келер жылы да бұл сайыс өз жалғасын табатын болады.

Нұржан Жолдасбеков, Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Бүгінгі жарыста барлық команданың жеңістен үміті көп. Және де біз өз тарапымыздан спортышларға сәттілік тілейміз. Кім мықты сол жеңіске жетеді деп ойлаймын. 

Тақырып бойынша материалдар

Тараз командасы волейболдан жеңімпаз атанды
20:01, 19 қыркүйек 2017
Тараз командасы волейболдан жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...