ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТТІ

18:20, 17 шілде 2018

Бүгін Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін алтыншы халық спорты ойындарының облыстық іріктеу жарысы өтті.

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген іріктеу жарысына қатысушылар   спорттың бірнеше түрінен бақ сынады. Аталған жарысқа облыс аудандары мен Тараз қаласынан іріктеліп шыққан командалар қатысты.

Нұржан ЖОЛДАСБЕКОВ. Жамбыл облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.  \Бүгін облысымызда, Тараз қаласында президентіміздің жүлдесі үшін алтыншы халықтық спортттық ойындарынан іріктеу жарысы өткізіліп отыр. Жарыс спорттың 12 түрінен өткізілуде және 1000 ға жуық спортшы қатысуда.\

Халық арасында спорттық ойындардан сынға түсіп жатқан жарысшылардың ешқайсысы да осал емес. Биылғы іріктеу кезеңдерінде әсіресе қол күресі мен кір тасын көтеру  бойынша тыңғылықты дайындалғандар саны көп.  Мұнда шын мықтыдан кім мықтыны анықтау оңайға соққан жоқ.

Оралхан МҰРАТҰЛЫ. Жарысқа қатысушы. \Бүгінгі спорттық ойындардан іріктеу кезеңдері болып жатыр. Бұл жамбыл облысындағы ең мықтыны анықтайтын спортшылар арасындағы іріктеу болған соң,  көзге көрінуге тырысамын. Спортшылар өте көп.  Бүгінгі іріктеуден жеңіп шығамын деген де үміт бар.\

Бүгінгі сыннан сүрінбей өткен спортшылардан облыстық құрама жасақталып, олар  қыркүйек айының 21 мен 25 аралығында Ақтау қаласында өтетін республикалық ақтық сында  облысымыздың намысын қорғайтын болады.

А.ЕРМЕКҰЛЫ, С.ТӘЖІБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
17:41, 30 қазан 2018
ҚАЗАҚША КҮРЕСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар