«Селтик» - «Астана» 5:0

19:42, 17 тамыз 2017

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында елордалық «Астана»  командасы сырт алаңда «Селтик» футбол клубымен кездесті. 60 мыңдық «Селтик Парк» стадионында  өткен ойында қазақстандық ұжым Шотландия чемпионынан ойсырай жеңілді.

Глазгодағы ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен өрбіді. "Астана" ойыншылары алғашқы таймның өзінде-ақ екі голға жол берді. Алдымен 32-минутта «Астана» қорғаушысы Евгений Постников өз қақпасына доп соқты, артынша шотландиялық Скотт Синклер 42-ші және 60-шы минуттардақатарынан екі гол салды.Сондай-ақ 79-шы минутта Джеймс Форрестің тепкен добы да  қақпадан бір-ақ шықты. Ал 88-минутта жерлестеріміз тағы да бір қателікке бой алдырды. Игорь Шитовтың аяғына тиіп кейін серпілген теңбіл доп қақпаға кірді. Қорытынды есеп 5:0. Бұл жеңіліс «Астана» үшін турнир тарихындағы ең ірісі болды. Бұдан бұрын тап осындай жағдай өткен жылғы қазанда 2015/16-маусымының топтық кезеңіндегі матчта болған. Ол кезде сырт алаңда ойнаған «Астана» мадриттік «Атлетикодан» 4:0 есебімен  жеңілген еді. Енді 22 тамыз күні  "Астана" мен "Селтик" елордада қарымта кездесу өткізеді.

Шерхан Абделиев, «Жаңалықтар қызметі»
 

Тақырып бойынша материалдар

Тараз командасы волейболдан жеңімпаз атанды
20:01, 19 қыркүйек 2017
Тараз командасы волейболдан жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...