ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

18:55, 12 шілде 2019

Алғаш рет  Мерке ауданында републикалық деңгейде сеньорлар арасында шахматтан чемпионат өтті. Бұл жарыс -  еңбек ері Аманжол Тұрғымбаевты еске алуға арналған.

Тоғыз күнге созылған турнирге  еліміздің барлық облыстарынан  келген 68 үміткер қатысты.  Қатысушылардың жас ерекшеліктері де əр түрлі. Ал, ойынның өзі екі жүйе бойынша өткізілді. Біріншісі айналмалы, екіншісі Швейцар жүйесі бойынша ойнатылған ойынға екі бірдей төреші қазылық етті.  Ала тақтай алдында ойын көрсеткен спортшылардың бірінші орынға таласы тартысты болды. 9 турдың 7-шісіне келгенде ғана бірінші орын иегері анықталған. Енді аталмыш турнир алдағы уақытта Семей қаласында өтетін болады  дейді республикалық шахмат федерациясының вице-президенті. Ойын соңында жеңімпаздарға арнайы медальдар мен дипломдарды, қаржылай сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Бекет ЖАРОКОВ ҚШФ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ жергілікті шахмат әуесқойлары бұл ойынға қызығушылық білдіргендері бізді қуантады. Бүгінгі жарысқа  Жамбыл облысынан, Тараз, Мерке қалаларынан  жарысқа түсіп жатқандар бар. Бұл біріншіден бұқара арасында щахматтың дәрежесін көтереді. Бұрынғы ойындарға қарағанда бұл ойын ерекше болуда, себебі бірінші орынға талас әлі де жалғасуда. Ал, ойынның 9 турының 6 уы өтіп кетті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар