ШҰҒЫЛ! АДАМ САУДАСЫ – ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА Толығырақ

Шешуші кездесу

14:44, 6 желтоқсан 2017

Елордалық «Астана» футбол клубы  европа лигасының плей офф кезеңіне өтуге бір табан жақын тұр.  Бұл уақытқа дейін Қазақстан футбол тарихында бұл турға жолдама алған команда болмаған. Қазіргі ел чемпиондары шешуші матчты Прагалық «Славия» командасына қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасында жолы болмаған елордалық құрама – европа лигасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Топтық кезеңде 3-1 есебімен Испаниялық «Вильяреалдан» жеңілгеннен кейін, «Астана» «Славиямен» тең дәрежеде ойын көрсетті. Ал, өз алаңында «Маккабиді» 4-0 есебімен ойсырата жеңгені жанкүйерлердің есінде біраз уақыт сақталатыны анық. Жауапты кездесуде де Израйльдік команда «Астаналықтарда» кеткен есені қайтара алмады. Қарсылас қақпасынан табылған Патрик Твумасидің голы елордалық команданың топтан шығуына үлкен мүмкіндік болды. 23 қараша күні «Астана» өз алаңында Испаниялық «Вильяреалды» қабылдады. Жауапты кездесуде Қазақстандық футболшылар табандылық көрсете білді. Дегенмен, ойын нәтижесі 3-2 есебімен испандықтардың пайдасына шешілді. Сонымен, европа лигасының қазіргі көрсеткіші бойынша, «А» тобында 11 ұпаймен Испаниялық «Вильяреал» көш бастап тұр. Екінші орынға 8 ұпаймен Чехиялық клуб жайғасқан. Ал, «Астананың» қоржынында 7 ұпай. «Маккаби» болса, 1 ұпаймен тізім соңында. Енді елордалық клубты алда жауапты кездесу күтіп тұр. Естеріңізге сала кетейік, «Славия» – «Астана» ойыны 7 желтоқсанда Прагада өтеді. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін елордалықтарға қалайда жеңіс керек. Басқа нәтиже біздің жігіттерді қанағаттандырмайды. Ендеше, ертең алаңға шығатын астаналық футболшыларға сәттілік серік болсын дейміз!

Бекжан Сабыржан, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КІМДЕР МЫҚТЫ АТАНДЫ
13:20, 19 шілде 2018
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КІМДЕР МЫҚТЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТТІ
18:20, 17 шілде 2018
ПРЕЗИДЕНТ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
20:30, 16 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚАНДАЙ?
13:20, 17 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...