ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

«ТАРАЗ» ФК ҮШІНШІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН АЯҚТАДЫ

15:50, 27 ақпан 2019

Тараз футбол клубы Түркияның Анталия қаласында өткен қорытынды оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Жерлестеріміз соңғы ойынында Украинаның «Ингулец» командасын 1:0 есебімен жеңсе, команда құрамы тағы бір грузиндік ойыншымен толықты.

2019 жылы футболдан Қазақстан премьер- лигасында өнер көрсететін «Тараз» футбол клубы үш кезеңдегі оқу-жаттығу жұмыстарын аяқтап отыр. Оның алғашқысы Шымкент қаласында өтсе, екеуі Түркия елінде жалғасты. Осының арқасында команда бірқатар жаңа футболшыларды сынап көріп, олармен келісім-шарт та жасап үлгерді. Әзірге, екі кезеңнің қорытындысы бойынша Тараз командасы сербиялық қорғаушы Михайло Иованович пен бразилиялық Эливелто Рубейро Дантаспен келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар, тағы бір сербиялық Неманья Суботичте жамбылдық команданың сапына алынды. Тараздың жаңа құрамына Грузиядан екі футболшы алынды. Күні кеше аяқталған үшінші кезең нәтижесі бойынша Тараздықтар екі ойын өткізді. Оның алғашқысы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететін «Чайка» командасына 2:1 есебімен жол берсе, екінші ойында Украиналық «Ингулец» командасын 1:0 есебімен әзер жеңді. Тараз командасының биылғы құрамы әлі толық емес, алайда негізгі құрам 70 пайыз жергілікті ойыншылардан құралады - дейді мамандар. Футболдан ел біріншілігі алдағы наурыз айында басталса, біздің бірінші қарсыласымыз алматылық «Қайрат» командасы болмақшы.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ  БОКСШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАҒА  ДАЙЫНДАЛУДА
20:02, 25 маусым 2019
ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 15-ШІ ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
21:21, 24 маусым 2019
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 15-ШІ ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
19:17, 21 маусым 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...