ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

«ТАРАЗ» ФК ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

14:40, 9 қаңтар 2019

Тараз футбол клубы футболдан 2019 жылғы Қазақстан чемпионатына дайындық жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады. 10- желтоқсан мен 1- наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығу жұмыстары 3- кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы Шымкент қаласында өтті.

 «Тараз» футбол клубы биылғы маусымда бірінші лигадан премьер лигаға қайта оралғандығы белгілі. Осыған орай, өткен жылы команданың бас бапкері болып Жамбыл футбол мектебінің өкілі Вахид Масудов тағайындалған болатын. Өткен оқу-жаттығу кезеңінде Тараз командасы бірқатар кездесулерді де өткізіп үлгерді. Мәселен: Оңтүстік академиясымен өткізген жолдастық кездесуде Жамбылдықтар 3-0 есебімен жеңіске жетті. Дайындық кезеңінде негізінен Тараз футбол орталықтарының жас ойыншылары бақтарын сынады. Команда биыл да жылдағыдай жаңа футболшыларды шығаруға ниет білдіріп отыр. Ал, команданың қорытынды дайындық жұмыстары ақпан айында Түркияның Анталья қаласында өтетін болады. Сонымен қатар, команда биыл құрамға бірқатар легионерлерді де алуды мақсат етіп отыр. Олардың қатарында атақты Сенегалдық Малик Мане де бар. Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасы үстіміздегі жылдың наурыз айынан басталатын болады.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:27, 18 қаңтар 2019
ФУТБОДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...