ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

18:40, 6 наурыз 2019

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы өңірлік коммуникациялар алаңында Тараз футбол клубының басшысы Қанат Мұсатаев пен бас бапкер Вахид Масудовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда жаңа құрамның алға қойған мақсаты мен ойыншылар құрамы жөнінде айтылды.

Жақын күндері футболдан Қазақстан премьер- лигасы жалауын көтереді. Бірінші лигадан жоғарғы топқа сәтті өткен «Тараз» командасы наурыз айының 10 шы жұлдызында алғашқы ойынды сырт алаңда Алматылық Қайрат командасына қарсы өткізбекші. Ал, 15 наурызда Қостанайлық «Тобылмен» кездеседі. Ел біріншілігінің үздік командаларымен өтетін алғашқы ойындардың маңызы зор деді бүгінгі кездесуде бас бапкер. Осы уақытқа дейін үш мәрте оқу-жаттығу жиынын өткізген Тараздық ойыншылар да бұл турларда барын салмақшы. Ол жөнінде команда капитаны Мақсат Әмірханов атап өтті. Жалпы, биыл да Жамбылдық команда 70- пайыз жергілікті ойыншыларға сенім артып отыр. Ал, команданың жаңа легионерлері деп Грузиялық ойыншылар Лаша Касрадзе мен Эльгуджа Лобжанидзені айтуға болады. Баспасөз мәслихатынан кейін Тараз қаласындағы орталық стадионда команданың жалпы таныстырылымы өтіп, онда толық құрам жұртшылыққа паш етілді.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар