«Тараз» командасы қызылордалық «Қайсарға» есе жіберді

22:30, 13 наурыз 2017   308

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында Қызылорда қаласына қонаққа барған "Тараздықтар" 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Тараздықтар бірінші болып есеп ашты. Ойынның 15 минутында Мухаметшин өзінің "Тараз" командасы сапындағы алғашқы голын соқты. Гол жіберіп алған Қайсарлықтар да қарымта шабуылға шықты. Нəтижесінде 35 минутта Қызылордалық Аржанов бір гол соғып есепті теңестіріп кетті. Бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші таймда да алаң қожайындары барын салып шабуылға көшкен. "Қайсар" командасының бірнеше соққысын "Тараз" қақпашысы Бабаханов тура қайтарып өзін жақсы қырынан көрсетті. Жамбылдықтар да өз кезегінде шабуылдардың шетін шығарғанымен ол қақпаға дари қоймады. Есесіне Қызылордалықтар ойынның 71 минутында екінші голды соғып алдыға шықты. Бұдан кейін Тараздықтар да шабуыл жасап есепті теңестіруге ұмтылғанымен ойынды өзгерте алмады. Қорытынды есеп 2-1.

Сондай-ақ ел біріншілігі аясында қатар өткен ойында Ақажайық Шахтерды 3-1 есебімен тізе бүктірсе, Ел чемпионы Астана Ертіспен тең ойнады.Есеп 1-1. 0-0 мен Тобыл мен Ақтөбе арасындағы аяқталды. Ал Қайрат Оқжетпеспен 2-2 есебімен матчты аяқтады.

Ұлттық біріншіліктің 2-ші кезеңінің қорытынды бойынша Қайсар 6 ұпаймен көш бастап.   Одан кейін ордабасы мен Тобыл 4 ұпаймен 2-3-ші орынға жайғасты. Тараз қоржындағы жалғыз ұпаймен 9-шы орында келеді. Ал Атырау турнирлік кестенің сонында.

Сонымен, енді тараздықтар келесі ойынды Алматылық "Қайратқа" қарсы өз алаңында өткізеді. Ол наурыз айының 17 күні өтеді.

 

Алмат Садуақас «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40