ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«ТАРАЗ» - «ОҚЖЕТПЕС» 2:6

15:04, 2 мамыр 2019

Футболдан Ел чемпионатының 8-ші туры өтті. Өз алаңында Көкшетаулық Оқжетпесті қабылдаған Тараз футбол клубы бұл жолы аса ірі есеппен  ұтылды. 8 тур нәтижелері туралы алдағы материалда.

Ойын басталысымен ақ қос команда қарқынды ойын көрсетті.  Алайда бұл сәт Жамбылдықтар үшін сәтті басталмады. Өйткені ойынның 13-і минутында Тараздық ойынша Самат Отарбаев өз қақпасына  гол салды. Бұл жерлесіміздің осы маусым басталғалы екінші автоголы. Қарсылас команда жылдам шабуыл ұйымдастырып, Рибейро Эливелто есепті теңестірді. Ал, небәрі 4 минут өткенде Тараздық аяқ доп шебері дубль жасады. Осылайша жалпы есеп 2:1 болды. Ойын барысында қорғаныстан қателік кетіп, ұпай саны тағы да тең түсті. Осылайша алғашқы тайм қорытындысы 2:2 есебімен аяқталды. Ал, ойынның екінші жартысында бірқатар қарымта шабуылдарға жерлестеріміз қарсы тұра алмады. Осылайша Оқжетпес командасының тыңғылықты дайындықтарының арқасында есеп саны 2:6 болып, Тараздықтар ойсырай ұтылды. .

8 турдың өзге кездесулеріне келер болсақ, Қостанайлық Тобол, Ордабасымен тең ойнады. Ал, Астана қонақта 3-0 есебімен Атырау командасын жеңді. Қызылордалық Қайсар өз алаңында Қайратпен кездессе, Жетісу Ертістен басым түсті.

Осылайша ойынның 8 кезеңі бойынша 25 балмен Астана командасы көш бастап тұр. Ал екінші орында 17 балмен Қостанайлық Тобол алса, үшінші орынға Алматылық Қайрат командасы жайғасты. Ал, Тараз командасы мамырдың 5-і күні Талдықорғандық Жетісу командасына қарсы ойнайды.

Н.Сембек ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар