ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

«ТАРАЗ» ӨЗ АЛАҢЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

20:30, 16 сәуір 2018

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының үшінші тур ойындары аясында «Тараз» командасы алматылық «Қайрат-А» командасын қабылдады. Тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 «Тараз» бен «Қайрат-А» командалары арасындағы кездесудің 1-ші таймы тартысты сәттерге толы болды. Қонақтардың да алаң қожайындарының да қақпаға доп соғатын мүмкіндіктері жиі қайталанды. Осындай сәттердің бірінде Қайраттық ойыншылар тәртіп бұзып, Дудченконы айып алаңында құлатып кетті. Төреші 11 метрлік айып добын белгілеп,оны шеберлікпен орындаған Әділет Әбденаби ойынның алғашқы және соңғы добын қақпаға салды. Есеп 1:0. Матчтың екінші жартысында Тараздықтар бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша жерлестеріміз жеңіске жетті. Осы турдың  басқа да ойындарына тоқталсақ. «Екібастұз» «Каспий» командасын да 1:0 есебімен жеңді. «Байқоныр» 2:0 есебімен «Оқжетпеске» жол берсе, «Мақтаарал» ойыншылары «Шахтер-Болаттан» 1:0 есебімен алға шықты. «Жетісу-Б» командасы «Алтайлықтарды» 1:0 - жеңсе, «Қыран» 2:0 есебімен «Ақтөбе Жас» командасынан басым түсті.

 «Тараз» — «Қайрат А» 1:0

«Екібастұз» — «Каспий» 1:0

 «Оқжетпес» — «Байқоңыр» 2:0

«Шахтер-Болат» — «Мақтаарал» 0:1

 «Алтай» — «Жетісу Б» 0:1

 «Ақтөбе-Жас» — «Қыран» 0:2

Данияр Асқарұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...