ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

«ТАРАЗ» ТАҒЫ ҰПАЙ ЖОҒАЛТТЫ

18:40, 15 сәуір 2019

«Тараз» футбол командасы өз алаңында Қызылордалық «Қайсармен» кездесіп, тағы да жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл жолы Жамбылдықтар 1:2 есебімен есе жіберді.

Тараз қаласындағы орталық стадионда өткен кезекті матчта жерлестеріміздің жеңіске деген құштарлығы бірден көрініп тұрды. Тіпті, олар ойынның алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты. 23- минутта «Қайсар» қақпасынан саңылау тапқан Серж Ньюадзи болатын. Алайда, алаң қожайындарының алға шықаны сол еді Қызылордадан келген қонақтар да күшейе түсті. Олар екінші таймда «Тараз» қақпасына жауапсыз екі гол соғып, өздерінің сырт алаңдағы кезекті үш ұпайына қол жеткізді. Бірақ, бұл матчтағы төрешілердің Тараздың тура бағыттаған соққысын санамай қойғандығы, Жамбылдық футболшылардың еңсесін түсірді десе де болады. Алайда, төреші ойындағы барлық жағдайды бақылап отыратын адам болғандықтан, оның шешімінің дұрыс немесе бұрыстығын тек арнайы комиссия анықтайды. Бір анығы, Тараздың өз алаңындағы кезекті жеңілісі Жамбылдық жанкүйерлердің көңіл-күйін түсіргендігі. «Тараз» премьер-лига аясындағы келесі кездесуді 20 сәуірде өз алаңында Қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткізеді.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
21:34, 14 маусым 2019
ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:37, 13 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар