ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ТАРАЗ – ЖЕТІСУ 2:0

17:10, 22 шілде 2019

Өткен демалыста футболдан Қазақстан біріншілігінің 19- тур ойындары өтті. Өз алаңында Талдықорғандық Жетісуді қабылдаған жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Мачтың алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Алайда, алаң қожайындарының басымдығы бірден көзге көрініп тұрды. Қонақтар да аянып қалмады. Тараз қақпасына қауіпті соққы жасағанымен, ол сәтті бола қоймады. Ал, Жамбылдық команда сапында бірінші голды Бразилиялық ойыншы Эливелту соқты. Ол 11 метрлік айып добын тамаша орындап, Жетісу қақпасын тулатып түсірді. Бұл ойынның 50- минуты болатын. Ал, матч тағдырын қосымша уақытта Абзал Таубай соққан екінші гол шешті. Сонымен, Жамбылдықтар өз алаңындағы маңызды кездесуде жеңіске қол жеткізді.

Кесте

19- турдың қорытындысы бойынша Қостанайлық Тобыл командасы 39 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Астана мен Қайрат командасы келеді. 4- орында 34 ұпайды еншілеген Ордабасы келсе, одан үш ұпай төмен Қайсар бесінші орынға жайғасты. Турнир кестесінің дәл ортасында Шахтер мен Жетісу, ал Оқжетпес, Атырау мен Ертіс одан кейін, кестенің соңына таман Атырау, Ертіс, Тараз, Ақтөбе командалары келеді. Жамбылдық команданың еншісінде әзірге 16- ұпай ғана.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар