ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«ТОБЫЛ» - «ТАРАЗ» 4:1

15:20, 18 наурыз 2019

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші турында Қостанай қаласына қонаққа барған Жамбылдық «Тараз» командасы жергілікті Тобылдан ірі есеппен жеңіліс тапты. Матчтағы қорытынды есеп 4:1.

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталғалы екі тур ойындары өтіп үлгерді. Алайда, бұл екі турды да сырт алаңда өткізіп келе жатқан Жамбылдық «Тараз» командасының ойыншылары жеңілістен көз ашар емес. Осының алдындағы ойында Алматылық Қайратқа жол берсе, енді сырт алаңда Қостанайлық Тобылдан ірі есеппен жеңіліп қалды. Алайда, бұл ойында жерлестерімізге жүз пайыз гол соғатын сәттердің де болғандығын айтқан жөн. Бірақ, олар бірде қисық тепті, енді бірде сәттілік жетіспеді. Алғаш болып алаң қожайындары атынан Азат Нұрғалиев есеп ашса, Қостанайлықтар екінші таймда Тараз қақпасына тағы үш гол соғып осы маусымдағы ірі жеңістерінің біріне қол жеткізді. Ал, Жамбылдықтар атынан Грузиндік шабуылшы Эльгуджа Лобжанидзе бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен ол жеңіс жолына жақындата алмады. Тараздықтар енді үшінші тур ойындарын 30- шы наурызда өз алаңында Атырау командасына қарсы өткізеді.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...