ШҰҒЫЛ! Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі Толығырақ

Үстел теннисінен республикалық жарыс мәресіне жетті

13:10, 13 ақпан 2018

Үстел теннисінен Тараз төрінде өткен Республикалық чемпионат өз мәресіне жетті. 5 күнге созылған дүбірлі жарысқа еліміздің әр өңірінен жүз сексеннен аса қатысушы бақ сынады. Мақсат- осы спорт түрінен әлем чемпионаттарына қатысатын үздіктерді анықтау.

Өткен жылы Елордада өткен жарыс, биыл тұңғыш рет  Әулиеата жерінде ұйымдастырылды.  Ел чемпионатына қатысқан спортшылар өзара кім мықтыны анықтады. Олардың қатарында  үстел теннисінен Ұлттық құрама үздіктері мен спорт шеберлері де бар. Жарыс нәтижесіне келсек,  жалпы командалық есепте Алматы қаласының құрамасы 1-орын алып жарыс жеңімпазы атанды.  2-орынды үстел теннисінен Қазақстанның үздік командаларының бірі Қарағанды облысының спортшылары иеленсе, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары үздік үштікті түйіндеді.

Сырым Мәдиев – Жамбыл облысы Үстел теннисі Федерациясының басшысы/ҚР үстел теннисінен чемпионаты Жамбыл жерінде тұңғыш рет өькізіп жатыр. Спортшыларға тілейтініміз болшақта да осындай үлкен дәрежеде жарыстарға қатыса берсін! Осындай үлкен чемпионаттар басқа облыстарда да өте берсін. Біз Жамбыл облысының үстел теннисі федерациясы осындай жиындар өткізуге дайынбыз. /

Жекелей сайыс бойынша,  әйелдер арасындағы сында жарыс чемпионы Қарағанды облысының спортшылары 1-орынды иеленсе, 2-орынды Батыс Қазақстан құрамасы алды. Ал, 3-орын Оңтүстік Қазақстан мен Алматы қаласының теннисшілеріне бұйырды.Ерлер арасындағы сайыста,  1-орынды Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының спортшылары қанжығалады. Астана қаласының құрамасы 2-орынға табан тіресе, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан құрама командалары жүлделі үшінші орынды иеленді.

Дастан сәрсенбаев/үтел теннисінен спорт шебері,Жарыс мынадай жаңа ғимаратта өте тамаша өтті.Әрине, өте тартысты өтті. Себебі, көп матч болды. Менің арманым, Қазақстанның ұлттық құрамына және үздік 5 теннисшінің қатарында болсам деймін. Сонымен қатар, әлемдік жарыстарға да қатысып  әлемнің үздік 200 спортшысының тізіміне енсем деген мақсатым бар. /

15 команда қатысқан жарыс жеңімпаздарына чемпионатты ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР үстел теннисі федерациясы тарапынан арнайы сыйлықтар мен медальдар тапсырылып, дипломмен марапатталды.

Нұртаза Шоқатаев, Өміртай Ыбырай “Жаңалықтар қызметі”

 

Тақырып бойынша материалдар

Бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
20:35, 20 ақпан 2018
Бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
20:39, 21 ақпан 2018
Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
Толығырақ...
Облыс әкімі  Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
20:35, 22 ақпан 2018
Облыс әкімі Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
Толығырақ...