ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ВЕЛОСПОРТТАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

14:25, 12 сәуір 2019

Бүгін велоспорттан  жасөспірімдер арасындағы Қазақстан республикасының 2019 жылғы көпкүндік ашық чемпионаты басталды. Елімізден 15 команда қатысып отырған жарыста   көршілес Өзбекстандық вело шабандоздар да бақ сынауда.

Орталық стадионда жалауы көтерілген веложарыстың басты мақсаты, әлемдік ареналарда топ жаратын болашақ спортшыларды дайындау. Сондай-ақ облысымызда осы спорт түрін жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. 

Нұржан Жолдасбеков  Облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары

/Біздің де спортшылар өз өнерлерін көрсетеді. Соңғы жылдары облыстың спортшылары үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Бұл жолы үмітімізді ақтап, құрама командадан орын аламыз деген сенімдеміз/

Бұл бес күнге жалғасатын жарыстың алғашқы жекелей сайысы  25 шақырым. Одан кеінгі топтық жарыстар Алматы- Ташкент, Тараз- Қаратау айналма жолы арқылы 80, 90, 120 шақырымды құрайды. 

Анна Литвинеко жарыстың бас төрешісі /бүгінгі жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан чемпионатқа 15 команда шақырылып қатысып отыр. Нұрсұлтан, Қарағанды, Шымкент сонымен қатар Өзбекстан республикасының спортшылары бар. Бұл бес күнге жалғасатын чемпионаттың жеңімпаздары 16-сы күні белгілі болады / 

Жамбыл велоспорты 2001 жылдан бастап ілгері дамып келе жатыр деп айтуға болады. Бүгінде тас жол бәйгесінен топ жарған спортшыларымыздың саны артып келеді. Бес күнге созылатын чемпионатта топ жарған жерлестерімізді, ел құрамасы сапынан көруге үмітіміз мол.

Қ.Байкүшіков

Н.Құдияр                                         «Жаңалықтар қызметі»   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...