ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

15:15, 15 мамыр 2019

Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан республикасының 27-ші чемпионаты аяқталды.  Еліміздің барлық өңірін қамтыған байрақты бәсекеде құрамалар сынға түсіп, үздік ойын өрнегін көрсетті. Ал,  «Тараз» волейбол клубы турнирдің топтық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте бесінші орынға  тұрақтады. 

Айта кетейік, Жамбылдықтар жаңа маусымдағы ел біріншілігін  сәтті бастады. А тобында өнер көрсеткен жерлестеріміз бес ойынның үшеуінде  бірінші және екінші сатыдан көрініп бақты.  Сондай-ақ, олар  ойынның озық үлгісін көрсетіп, арнайы жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал,  плей-офф кезеңінде еліміздің батысындағы волейбол клубтарының тартысы өтті. Бұдан бөлек, Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін біріктірген «А» тобының командалары, В тобындағы құрамаларға тізе бүгіп, кейінгі орындарға табан тіреді.  Осылайша, Хромтаудан келген Казхром волейбол клубы ұлттық лигада Қазақстан Республикасының 27-ші чемпионатының жеңімпазы атанды. Ал, былтырғы ел чемпиондары  Атыраулықтар күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Маңғыстаулықтар тұңғыш рет біріншіліктің  қола медалін қанжығаға байлады. Петропавлдықтар тұғырдың төртінші сапынан көрінсе,  Тараз клубы бестікке ілікті.   Ал, 6, 7 және 8 орындарды Алматы, Павлодар және Өскемен қалалары бөлісті.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
18:55, 12 шілде 2019
ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар