ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

15:39, 17 маусым 2019

Тараз мемлекеттік университеті ректорының  жүлдесіне арналған волейбол турнирі мәреге жетті. Демалыс күндері  өткен жарыста бақ сынаған спортшылар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.

2020 жылға дейін халқымыздың 30 пайызын бұқаралық спортқа баулу мемлекетіміздің басты межелерінің бірі. Осыған орай ұйымдастырылып отырған спорттық іс-шараның мақсаты да волейбол спортына жастарды тарту. Жарысқа ардагерлер құрамасы,  студенттер мен оқу орындарынан құралған командалар қатысты.

Махметқали САРЫБЕКОВ – ТАРМУ РЕКТОРЫ

Ойын нәтижесі бойынша 25 бал жинаған «Қазфосфат» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға финалға дейін үздік ойын көрсетіп, шешуші сәтте қарсыластарына есе жіберген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  облыстық департаменті жайғасты. Ал, 21 ұпаймен «Бақнұринвест» командасы 3 орынды қанағат тұтты.

Бауыржан ЖАНБАЕВ «ҚАЗФОСФАТ» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ

Спорттық шараның жабылу салтанатында  жеңімпаздар медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен мрапатталды. Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. ТарМУ-і салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шараларды тұрақты өткізіп келеді, және жалғастыра бермек. Осындай іс шаралардың нәтижесінде оқу ордасының түлектері де биіктерді бағындырп жүр.

Н.Сембеков, Тілеуқабыл Саржан «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...