ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ЖАМБЫЛДЫҚ ДЗЮДОШЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

19:27, 11 шілде 2019

3-14 шілде аралығында Италия мемлекеті, Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ жазғы универсиадаға Қазақ елінің жас атлеттері де қатысуда. Ел құрамасы сапында Әулиеаталықтар арасындағы алғашқы  алтын медалді Тараз мемлекеттік универсиетінің студенті, дзюдошы  Ғалымжан Қырықбай қанжығаға бөктерген болатын. Даңққа бөленген студент – спортшыны жерлестері арнайы салтанатпен күтіп алды.  

Айта кетейік, облыстан  Универсиада ойындарына 3 спортшы аттанған болатын. Ел қоржынына алғашқы алтынды салған Әулиеаталық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай 5 кездесу өткізіп, финалда франциялық Хадринн Ливольсимен тартысты ойын көрсетті. Есептен есе жібермеген жерлесіміз  абсалют салмақ дәрежесінде Универсиада Чемпионы атанды.

Ғалымжан ҚЫРЫҚБАЙ,  ХХХ жазғы универсиада  ойындарының чемпионы

Жүлделі орынға жету үшін біздің спортшылар Түркіменстаннан, Германиядан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген ойыншыларға қарсылық көрсетті.  Туған жеріне алтын медалмен келген жас дзюдошыны облысы әкімінің І орынбасары Бекболат Орынбеков бастаған топ күтіп алып, қошемет көрсетті. 

Бекболат ОРЫНБЕКОВ , Жамбыл облысы әкімінің бірінші  орынбасары

жас спортшы бұл жетістікпен тоқталмақ емес, дайындығын шыңдап, биіктерді бағындыруға ниетті.

Ардақ Сапибулла, Риналь Рахматуллин ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
18:55, 12 шілде 2019
ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар